
«Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2021 жылғы туралы есебі
Мемлекеттік басқару органдары алдында мемлекет басшысының алға қойылған міндеттері ашық және тең қолжетімділік мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады. 2013 жылғы 18 қыркүйектен Қазақстан республикасы Үкіметінің №983 қаулысымен, «Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, 2021 жылы 5 түрлі қызметтер көрсетілді:
- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру -92,
- тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру - 354,
- тракторлар мен олардың негізінде дайындалған өзі жүретін шассилер мен механизмдердің, арнайы құрал-саймандармен құрастырылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өзі жүретін ауылшаруашылығы, мелиоротивті және жол-құрылыс машиналары мен механизімдердің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілдігін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру және тіркеу - 112,
- тракторлар мен олардың негізінде дайындалған өзі жүретін шассилер мен механизмдердің, арнайы құрал-саймандармен құрастырылған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өзі жүретін ауылшаруашылығы, мелиоротивті және жол-құрылыс машиналары мен механизімдердің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын жүргізу - 65,
- басым дақылдарды, оның ішінде көпжылдық екпелерді өндіруді субсидиялау
2021 жылда 623 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер тікелей мемлекеттік органында немесе балама түрде көрсетілді. Бекітілген стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметтер тегін және ақылы түрде көрсетіледі.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулерге тең жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Есіл ауданы әкімінің Ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" тарауында мемлекеттік қызметтер стандарттары рналастырылған, «Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ , есеп қызмет көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін интернет-ресурстың бас бетінде "электрондық үкімет" веб-порталының баннері орналастырылған.
Ақпараттың жұмыс өзектілігі бойынша, жүйелі тиісті бөлімінде тұрақты жүргізіледі.
«Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің стандарттары қызмет алушылар үшін қолжетімді орында ақпараттық стенділерінде орналастырылған. Бөлім қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мемлекеттік қызметтерді алу үшін , «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ . 2021 жылы мемелекеттік қызмет көрсету туралы аудандық «Есиль Инфо» газетіне 10 мақала жарияланды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша көпшілік жария талқылау барысында қызмет көрсету туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
3.Қызмет көрсету жетілдіру жөніндегі процессі
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары қолжетімділігі, қамтамассызы, қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына, қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу, қызметті көрсету бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.
Сапалы мемелекеттік қызмет көрсету бойынша үнемі ішкі бақылау жұмыстары жүргізіледі. 2021 жылда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінде бұзушылықтар фактілері жоқ.
Бас тартуға жол бермеу мақсатында құжаттарды қабылдау жүгінген кезде өтініш берушілердің мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру тәртібі мамандармен түсіндіріледі. 2021 жылда бақылау бойынша іс шара өткізілген жоқ.
қанағаттануын арттыру
Жеке және заңды тұлғаларды одан әрі қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтермен қолжетімді және сапалы қызмет алу туралы 2022 жылы түсіндірмелі жұмыс жалғасатын болады. Жалпы, 2022 жылдың ішінде жұмыс барысы қызмет алушылардың қанағаттануын арттыруға бағытталған.