Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

2021 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы «Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің қызметі туралы есеп.

2021 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы  «Ақмола облысы Есіл ауданы  Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің қызметі туралы есеп.

  1. Жалпы ережелер

          1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.  

Свободный ауылдық округі әкімі аппараты қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде «Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген Стандарттарға сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Свободный ауылдық округінде 639 аула бар, халық саны 1363 адамды құрайды. «Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Свободный ауылы, Днепропетровская көшесі 8, инд.: 320918 мекен-жайында орналасқан.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Тізілімге сәйкес ауылдық округ әкімі аппаратымен  5 мемлекеттік қызмет ұсынылады:

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

          - елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

- жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату;

- жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

2021 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 5 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 5 қызмет;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар ЭҮП, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша тікелей көрсетілетін қызметті берушіге стандартқа және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес түсіндіру үшін жүгінуге мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген стандарттар мен ережелер бар.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

- сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 5.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартымен және қағидаларымен айқындалады. Стандарттар мен ережелердің қолжетімділігін, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін ауылдық округ әкімінің аппаратында «Мемлекеттік қызмет көрсету» стендтері ресімделген. Ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, сондай-ақ стендтерде «Электрондық үкімет» веб-порталының жаднамалары орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген. Обушко көшесінде электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу туралы ақпараты бар 2 баннер орналастырылған. Ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.  Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- 1 тікелей эфир өткізілді;

- аудандық «Есіл инфо» газетінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бойынша 1 мақала жарияланды. 

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Свободный ауылдық округі әкімі аппаратының кабинетінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, халықтың мемлекеттік қызметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуы үшін интернетке шығатын компьютері бар. Egov.kz. жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) ала алады. 2021 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»  арқылы қызмет алушылар 17 қызмет алды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2021 жылы Свободный ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттырудан өткен жоқ, өйткені оқыту кестеге сәйкес жүргізіледі.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін нормативтік – құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар «Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2021 жылы өткізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы Свободный ауылдық округі бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі арттыру тиімділігінің перспективалары.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1.Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

  1. мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;

3.мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

4.мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, аудандық газетте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;

5.мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру;

6.мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;

7.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

8.негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;

9.өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;

10.«Электрондық үкімет» порталы, мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұлғайту.

2021 жылғы Свободный ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар келесі электрондық мекенжай бойынша қабылданады: esil_svobodnoe@aqmola.gov.kz, телефон бойынша 87164724524.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы