
Есіл ауданы әкімдігінің
2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша қызметі туралы есебі
1.Жалпы ереже
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттер бойынша "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Есіл ауданында Мемлекеттік қызметтерді аудан, Есіл қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер, халықты жұмыспен қамту орталығы көрсетеді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
1) 2021 жылы Есіл ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтің 62 түрі көрсетілді, оның ішінде ақылы негізде 12 мемлекеттік қызмет, 50 тегін негізде.
|
№ |
Атауы |
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны |
|
1. |
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында |
3705 |
|
2. |
Экономика саласындағы |
13 |
|
3. |
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында |
539 |
|
4. |
Ауыл шаруашылығы саласында |
623 |
|
5. |
Әскери қызмет саласында |
107 |
|
6. |
Жер қатынастары саласында |
520 |
|
7. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында |
93 |
|
8 |
Дене шынықтыру және спорт саласында |
2 |
|
9. |
Өзге де мемлекеттік қызметтер |
818 |
|
2021 жылы көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер |
6420 |
"Электрондық үкімет порталы" арқылы мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 2021 жылы мемлекеттік қызметтердің 62 түрі көрсетілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 27,1% - ға аз.
2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 6420 құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 17,2% - ға аз. Оның ішінде:
- «Мемлекеттік корпорация» арқылы-912;
- электронды түрде барлығы- 4721 (ЭҮП Қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелері);
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға көмек көрсету – 716;
азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру – 563;
сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-235.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, өтініш үлгілері орналастырылған стенділер жабдықталған.
Есіл ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- ауылдық округтерде "E-gov" қолжетімділік бұрыштары ашылды;
- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 48 тікелей эфир өткізілді;
- аудандық "Есіл инфо" газетінде "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бойынша 56 мақала жарияланды;
- Facebook әлеуметтік желілерінің беттерінде мемлекеттік қызметтерді "электрондық үкімет" порталы арқылы өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, мерзімдерін және орындарын түсіндіру бойынша 1242 мақала жарияланды;
- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қараумен 7 қоғамдық кеңес өткізілді;
Халықтың өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы және ыңғайлылығы үшін 2020 жылы "сервистік әкімдік" ғимаратында барлық қажетті "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" ұйымдастырылған және жабдықталған.
Сондай-ақ, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінде, Красногор кентінде, дербес бөлімдерде, аудан мектептерінде мемлекеттік қызмет көрсететін 19 "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" бар. Халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін барлық бұрыштар компьютермен, сканермен, принтермен жабдықталған. 2021 жылы" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары " арқылы қызмет алушылар 1295 қызмет алды.
процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. ZOOM онлайн форматы арқылы -56қызметкер оқудан өтті. Спикер ретінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы шақырылды. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша 31 қызметкер оқыды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша 6 бақылау іс-шарасы өткізілді.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ;
«Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты»ММ;
«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
«Есіл ауданының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі» ММ;
«Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ;
«Ақмола облысы Есіл ауданы Красивинский ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар берілді:
1."Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізсін. Біліктілікті арттыру 2021 жылғы 16-20 тамыз аралығында жоспарланып отыр.
2."Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізу. Біліктілікті арттыру 2021 жылғы 31 мамыр - 04 маусым аралығында жоспарланып отыр;
3."Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлім басшысының және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бас маманның біліктілігін арттыруды жүргізу. Біліктілікті арттыру 2021 жылғы 16-20 тамыз және 2021 жылғы 27 Қыркүйек-01 қазан аралығында жоспарланып отыр.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2021 жылы Есіл ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, Есіл ауданы бойынша 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2021 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
1.мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
2.мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;
3.бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау іс-шараларын жүргізу;
4.мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
5.мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарттарды ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;
6.мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
7.мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлер өткізу;
8.мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестерге қатысу;
9.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
10.негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;
11.өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;
12.«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту»;
Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: esil_usl@aqmola.gov.kz, телефон бойынша 87164721650.