Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Есіл ауданы Орловка ауылы әкімдігінің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

Есіл ауданы Орловка ауылы әкімдігінің

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

бойынша қызметі туралы есебі

1.Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттер бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Орловка ауылында мемлекеттік қызметтерді ауыл әкімінің аппараты көрсетеді.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

1) 2021 жылы ауылдың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 5 түрін тегін көрсетті.

№

Атауы

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

1.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын  өзгертуге шешім беру

0

2.

Елді мекендер шегінде объектілер салу ұшін жер учаскелерін беру

0

3.

Сауда- саттықты ( конкурстарды,  аукциондарды) откізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құкықтар алу

1

4.

Жер учаскесінің жеке меншіккеақысын бірден төлеп не боліп төлеу арқылы сату

0

5.

Жер учаскесін алу ұшін кезекке қою

0

 

2021 жылы көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер

1

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «электрондық үкімет порталы» арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.

2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1 құрады, оның ішінде:

- «Мемлекеттік корпорация» арқылы- 0;

- электронды түрде барлығы- 1 (ЭҮП Қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелері);

- қызмет көрсетушілер арқылы- 0.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 1.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, өтініш үлгілері орналастырылған стенділер жабдықталған.

Есіл ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- ауылдық округтерде «E-gov» қолжетімділік бұрыштары ашылды;

- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 1 тікелей эфир өткізілді;

Сондай-ақ, ауыл, дербес бөлімдерде, аудан мектептерінде мемлекеттік қызмет көрсететін  «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін барлық бұрыштар компьютермен, сканермен, принтермен жабдықталған. 2021 жылы» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары « арқылы қызмет алушылар 29 қызмет алды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

 Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар 2022 жылғы жоспарланған.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Есіл ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен 2021 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылы әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары өткізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, бойынша 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1.мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

2.мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;

3.бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау іс-шараларын жүргізу;

4.мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

  1. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету: ауыл әкімдігінде ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарттарды уақтылы орналастыру;

6.мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

  1. негізсіз бас тартуға жол бермеу;

8.«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту»;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту;

2021 жылғы Есіл ауданы Орловка ауылы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: esil_orlovka@aqmola.gov.kz, телефон бойынша 87164727452.

Есіл ауданы бойынша

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы