Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Есіл ауданы Красногорский кенті әкімдігінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

Есіл ауданы Красногорский кенті әкімдігінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

1.Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Красногорский кенті әкімдігі қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Красногорский кентінің әкімдігі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттарға негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

1) 2021 жылы Есіл ауданы Красногорский кентінің әкімдігімен мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетілді:

- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

- Жер телімін алуға кезекке қою;

 - Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату.

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

– Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-3.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында Красногор кенті әкімдігінде стендтер жабдықталған, онда стандарттар, мемлекеттік қызмет көрсету өтініштерінің үлгілері, шағымдану тәртібі, қызмет берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- әкімдікте «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды;

- 3 Тікелей эфир өткізілді;

Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін бұрыш компьютермен, сканермен, принтермен, картридждермен жабдықталған. 2021 жылы  «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы қызмет алушылар-24 қызмет алды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кент әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауда;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2021 жылы әкім және мамандар аудандық семинарларға қатысып, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша оқыту іс-шараларын өткізді.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік – құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу және сапаны бағалау заңдылық, объективтілік, анықтық, жан-жақтылық, ашықтық және бейтараптық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет"порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарттарды ресми интернет – ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлер өткізу;
  5. "Электрондық үкімет" порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұлғайту;
  6. Онлайн жәрмеңкелерге қатысу.

 Жалпы, 2022 жылы Красногор кенті әкімінің аппаратындағы жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады.

Есіл ауданы Красногорский кенті әкімдігінің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар электрондық пошта арқылы қабылданады esil_krasnogor@aqmola.gov.kz телефон арқылы 8 716 4725437

Ақмола облысы Есіл ауданы Красногорский кенті әкімінің аппараты ММ бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған Орган (ұйым)

Қарау күні

шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы