Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

2021 жылға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Ақмола облысының Есіл ауданының Қаракөл ауылдық округі әкімінің қызметі туралы есеп

2021 жылға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Ақмола облысының Есіл ауданының Қаракөл ауылдық округі әкімінің қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына  және бекітілген стандарттарға негізделген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Қаракөл ауылдық округінде 185 аула бар, халық саны 530 адамды құрайды. «Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Қаракөл ауылы, Речная көшесі, 6, инд.: 020998.

Тізілімге сәйкес әкім аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

-сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

- жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату;

- жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2021 жылы "Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

– Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-10 Қызмет.

- "Е-gov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 197 Мемлекеттік қызмет алынды.

         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, ХҚО арқылы және тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген стандарттар мен бар.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

- сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ғимаратында ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен  орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін отырғызу орындарымен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік мекеме ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд орналастырылған, алаңда электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу туралы ақпаратпен 1 банер орналастырылған.

Округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізілді:

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- ауылдық округірде «E-gov» қолжетімділік бұрыштары бар;

- ауылдық округ әкімінің қатысуымен 2 Тікелей эфир өткізілді 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте назар аударылады.

Азаматтардың қолайлылығы үшін Қаракөл аулдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда «электрондық үкімет» веб-порталы Egov.kz арқылы үшін интерннетте қолжетімді компьютер бар, әрбір өтініш білдіретін адам мемлекеттік қызметті электронды түрде дербес, не маман көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбамен(ЭЦҚ) мемлекеттік қызметтерді алуын болады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. ZOOM онлайн форматында оқу өтті.

Есіл ауданының әкімдігінде аудандық семинар-кеңестер өткізілді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

 «Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.

Өтініш берушілер мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық пакетін қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері Есіл ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөліміне ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепті ай сайын тапсыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдардың болмауы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің нәтижелері болып табылады.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының тұрақты бақылауында.

  1. Одан әрі тиімділігін арттыру перспективалары

көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

2) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарттарды ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

7) «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту»;

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі қазіргі заманғы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады-мемлекеттік қызмет көрсетудің инновациялық және тиімді стандарттарын енгізу мемлекеттік шығындарды қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтар тарапынан үкіметке деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы 2021 жыл ішіндегі жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталды.

Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімінің бойынша

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы