Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімі аппаратының қызметінің есебі

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша  Есіл ауданы Ақсай ауылы  әкімі аппаратының қызметінің есебі

  1. Жалпы ереже

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсетушілер туралы мәлімет.

         Ақсай ауылының жергілікті атқарушы органы қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына  және бекітілген стандарттарға негізделген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

         Тізілімге сәйкес әкім аппараты 5 Мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

- жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату;

- жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

         2) Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.

         1) 2021 жылы Есіл ауданы Ақсай ауылының жергілікті атқарушы органы мемлекеттік қызметтің 5 түрін тегін, ақылы негізде – 0 көрсетті.

№

Атауы

Көрсетілген мемлекеттік  қызмет саны

1

Сауда саттықты (конкурстарды,аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскілеріне құқықтарды алу 

                         4

2

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

1

 

Барлығы 2021 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер

5

         "Электрондық үкімет порталы" арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі бар.

         2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 5 құрады, оның ішінде:

- "Мемлекеттік корпорация" арқылы-0;

- электронды түрде барлығы - 5;

- қызмет көрсетушілер арқылы-0

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

сауда саттықты (конкурстарды,аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскілеріне құқықтарды алу  - 4;

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-1.

 

2.Мемлекеттік қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында орналасқан қалқаншаларында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпараттар орналасқан, ол стандарттар мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Тұрғындар арасында жиналыстарда түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының сыртында  сәйкес баннерлер орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- Ақсай ауылының әкімдігінде "Е-gov" кіру бұрышы ашылды;

- ауыл әкімінің қатысуымен 1 Тікелей эфир өткізілді.

Сондай-ақ, ауыл әкімдігінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" бар. Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін бұрыш компьютермен, принтермен, картридждермен жабдықталған. 2021 жылы  «өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы " арқылы қызмет алушылар 225 қызмет алды.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың әкімдері, ауылдық округтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша қатысады.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша 2 қызметкер оқытылды.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік құқықтық жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін нормативтік – құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

 

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының ішкі бақылау нәтижесі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізу және сапасын бақылау заңнамалық, объективті, сенімділік, жанжақтылық, мөлдір және бейтарапты принциптерге сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасымен  жүзеге асырылады.

"Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты" ММ-де Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар берілді:

  1. Басшының біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізу;

- мекеме басшысы 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттырудан өтті.

  1. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған санитарлық бөлмені жабдықтауға қаржы қаражатын көздеу;

- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған санитарлық бөлме орнатылған.

  1. ҚР ҚН сәйкес пандус орнату.

- Пандусты қайта жабдықтау 2022 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

"Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты" ММ-де 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар    өткізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы "Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

 

  1. Одан әрі тиімділік пен өсу перспективалары қызмет алушылардың көрсетілетін қызмет сапасына мемлекеттік қызметтерді көрсету.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет"порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарттарды ресми интернет – ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлер өткізу;
  5. "Электрондық үкімет" порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұлғайту;
  6. Онлайн жәрмеңкелерге қатысу;
  7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту.

2021 жылға арналған Ақсай ауылы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: esil_aqsai@aqmola.gov.kz телефон арқылы 87164729230.

«Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағым

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы