
Атмосфералық ауаны бақылау.
Атмосфералық ауа - қоршаған ортаның өмірлік маңызды құрамдас бөлігі, ол тұрғын, өндірістік және басқа үй-жайлардан тыс атмосфераның беткі қабаты газдарының табиғи қоспасы болып табылады.
Ауа газдар қоспасынан тұрады, оның негізгі компоненттері - азот 78%, оттегі 21% және көмірқышқыл газы 0,03%. Басқа газдардың үлесі 1%-дан (аргон 0,9%), криптон, ксенон, неон, гелий) аспауы тиіс.
Атмосфералық ауаның сапасын бақылау мақсатында ай сайын Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары ауа ортасына мониторинг жүргізеді, автомагистральдарда және қолданыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қазандықтардың әсер ету аймағындағы қоныстану аумағында орналасқан бақылау орындарында атмосфералық ауаны өлшеу жүргізіледі.
Өлшеулер ластанудың негізгі көзі автокөлік екенін көрсетті. Барлық коммуналдық және өнеркәсіптік қазандықтарда шекті рұқсат етілген шығарындылар (ШРШ) мен экологиялық төлқұжат жобалары бар. Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың ұйымдастырылған шығарындылары ШРШ жобаларына сәйкес шығарындылар лимиттерімен реттеледі. ШРШ сақталуын бақылауды өндірістік зертханалар жүзеге асырады.
Облыс бойынша ластаушы компоненттерге атмосфералық ауа сынамаларын алудың 160 бақылау орны анықталды. Бүгінгі күні ластаушы компоненттерге атмосфералық ауа сынамаларын іріктеп алудың бақылау орындарының саны 34-ті құрайды. Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының зертханалары 11 компонентті, оның ішінде 1-2 қауіптілік сыныбынның 4 компонентін анықтайды.
2021 жылы облыс бойынша 98287 сынама, оның ішінде ШЖШ артыумен 3848 сынама зерттелді. Сәйкессіздік пайызы 4% құрайды. Атмосфералық ауаның сәйкес келмейтін сынамалары бойынша қажетті шаралар қабылдау үшін тұрақты негізде уәкілетті органдарға ақпарат жіберіледі.