Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Брифинг барысында Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

Брифинг барысында Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айнагүл Мусина коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Ақмола облысы 22 ақпаннан бастап «жасыл» аймаққа өтті. Соңғы аптада COVID-19-дың 283 жағдайы, өткен аптада-1005 жағдай тіркелді, коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі 3,5 есе төмендеді (722 жағдайға азайды).
Пандемия басталғаннан бері облыста барлығы COVID-19 зертханалық расталған 68743 жағдай, оның ішінде 58049 белгілері бар, 10694 белгілері жоқ вирус тасымалдаумен тіркелген. Ересектер арасында – 59847 жағдай (87,2%), 14 жасқа дейінгі балалар арасында-8896 жағдай тіркелген (12,8%).
2022 жылдың басынан бастап 42 өлім-жітім жағдайы тіркелді (2021 жылы-636 жағдай, 2020 ж. - 109 жаңдай), өлім-жітім көрсеткіші – 1,2 (нысаналы мәні-1,5-тен аспайды) (100 мың тұрғынға шаққандағы өлім-жітім көрсеткіші-107,3).
2022 жылдың басынан бері COVID-19 зертханалық расталған 19062, ақпан айында - 4503 жағдай тіркелген.
Тәулігіне COVID-19 зертханалық расталған 22 жағдай, оның ішінде белгілері бар 21 жағдай, белгілері жоқ 1 жағдай тіркелді.
Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың Көкшетау қаласында – 7, Шортанды – 6, Аршалы және Бурабай аудандарында – 3, Жарқайың - 2, Атбасар-1 жағдай тіркелді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша облыстың стационарларында АРжҚТБ бөлімшелерінде 14 науқас емделуде, оның ішінде 13 науқас медициналық көмекке кеш жүгінгендігі тіркеледі. Жағдайы ауыр барлық науқастар вакцина салдырмаған. Барлық 14 пациент 60 жастан асқан адамның жас құрамы бойынша 93% құрайды. 1 науқастың жағдайы өте ауыр.
Облыста 60 жастан асқан 100 мыңнан астам адам тұрады, оның ішінде 62,5 мыңы (59 %) вакцина салдырды, 10 мыңнан астамы (17%) ревакцинациялаудан өтті, оның ішінде Комирнати вакцинасымен 1513 адам егілді.
Дата публикации
24 февраля 2022
Дата обновления
24 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы