Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізаты кен орындарын тексеру мәселесі бойынша кеңес өткізді. Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, уәкілетті органдар жүргізген талдау барысында қатты пайдалы қазбалар бойынша 148 келісімшарт және міндеттемелерді төмен орындаумен көмірсутек шикізаты бойынша 27 келісімшарт анықтады.Тиісті жол картасы шеңберінде келісім-шарттар мен лицензияларды анықтау жоспарлануда, олар бойынша бұзу туралы тиісті хабарламалар жіберілетін болады. Осы жұмыстың нәтижесінде кен орындары жаңа инвесторларға беру мақсатында аукционға шығарылады. Аукционға жер қойнауын пайдалану құқығын беру барлық мүдделі инвесторлардың қатысуы үшін тең мүмкіндік береді.Аукциондар өткізу туралы ақпарат міндетті түрде республикалық баспа басылымдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады. Қабылданып жатқан шаралардың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша инвестициялар ағыны ұлғаяды. Үкіметтің осы бағыттағы жұмысы жалғасатын болады.