Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Көші-қон қызметі

Көші-қон қызметі көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Функциялары:

  • мемлекеттік көші-қон саясатын іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
  • азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
  • мемлекеттік органдардың қызметін халық көші-қоны мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
  • көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады;
  • көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
  • көші-қон процестерін мониторингілеу нәтижелерін халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
  • шетелдік мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
  • азаматтарды қабылдауды, азаматтардың, лауазымды адамдардың ауызша және жазбаша арыздарын, өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы және толық қарауды жүзеге асырады, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды әзірлейді;
  • шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынымы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, шекараны бұзушыларды шекаралық іздеу, қаруланған шабуылды тойтару немесе іргелес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына жаппай өтулері кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекара маңы аймағында (жолағында) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге қолжетімдігін шектейді немесе тыйым салады;
  • Министрліктің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік мекемесімен жеке басын куәландыратын құжаттарды дайындау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерді жеке есепке алуды жүргізеді;
  • босқын деп танылған адамға өз құзыреті шегінде шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға көмек көрсетеді;
  • босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату рәсімін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;
  • пана іздеуші адамдар мен босқындардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеді;
  • пана іздеуші адамдар мен босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын ұлттық қауіпсіздік органдарына жолдайды;
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша арыздары бойынша материалдарды қарайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жолдайды;
  • өз құзыреті шегінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады.
Дата публикации
10 февраля 2022
Дата обновления
10 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы