
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау
Егер сіз бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған болсаңыз, онда жәрдемақы рәсімдеуге толық құқылысыз. Біз бүгінгі айдарымызда бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу жолын көрсетпекпіз.
Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:
- Қызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері
- Егер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары
- Егер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты
- Қызмет алушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы
- Жәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы
ХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін, I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет.
Жәрдемақы мөлшері – 48.023 теңге