
Есіл аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азаматы А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға мен прокурор WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы ақпараттық технологияны пайдалана отырып қатысты.
Сот қаулысымен азамат А. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Сот істерін интернет арқылы қашықтан қарау іске қатысушы тұлғалардың уақытын және материалдық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Істерді қашықтықтан қарау сот төрелігінің тиімділігін арттыруға және тараптардың жеке қатысуын қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты жиі кешіктірілетін істі қарау уақытын қысқартуға көмектеседі.