Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Сотты құрметтемеушілік»

«Сотты құрметтемеушілік»

 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық iстердi сот талқылауы кезiнде де, сот отырысынан тыс уақытта да қарау кезiнде сотты құрметтемеу фактiлерi орын алуда.

«Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заңның 1-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес:

  1. процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмегенде;
  2. сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан;
  3. сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк;
  4. сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк).

Әкімшілік жауапкершілік мынадай нысанда қарастырылады:

- ескертулер;

- жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға;

- бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 2-бөлігіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) нысандағы әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады:

- отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға;

- он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу.

Сотқа құрметтемеушілік көрсету Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 9-тарауымен реттеледі және ҚР АІЖК-нің 119-бабының 2,3-бөлігіне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 410-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген, сотты құрметтемеу көрсеткені үшін:

- бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға;

- сол мөлшерде түзеу жұмыстары;

- бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту;

- қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу.

Судьяны немесе алқабиді қорлаудан көрiнген сотты құрметтемеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 410-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Ол үшін қылмыстық жауаптылық мыналар түрінде қарастырылады:

- екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға;

- сол мөлшерде түзеу жұмыстары;

- екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;

- елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 346-бабымен реттеледі.

Осыған сәйкес адам сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеуді анық куәландыратын өзге де әрекеттер жасаған кезде (әрекетсіздік кезінде) төрағалық етуші оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайларда, сотты құрметтемеу фактісінің анықталғаны туралы жариялауға және кінәлі адамға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы. Шығарып жіберу, айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестің кез келген қатысушысына немесе өзге де адамға қатысты жүргізілуі мүмкін. Ақшалай өндіріп алуды сотталушыға және оның қорғаушы ретінде қатысатын адвокатына қолдануға болмайды.

Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарылып жiберiлсе немесе ол істі сот талқылауына қатысудан бас тартса, төрағалық етуші соттың әрбір отырысының алдында одан өзі тәртіптемені сақтаған жағдайда, сот залында болғысы келетінін-келмейтінін анықтайды. Үкiм сотталушы қатысып отырғанда жариялануға, ал ол бұл ретте қатысудан бас тартқан кезде оған жарияланғаннан кейiн дереу қолхат алып хабарлануға тиiс.

Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жiберу және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы сот қаулы шығарады.

Сот отырысы залында қатысып отырған, бiрақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртiп бұзған жағдайда, олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға ақшалай өндіріп алуды қолдануы мүмкiн.

Егер сот отырысындағы тәртiп бұзушының әрекеттерiнде қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi болса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы мәселені шешу үшiн прокурорға жібереді.

Сот отырысында тәртіпті бұзу сот талқылауының қалыпты өтуіне кедергі келтіреді, сотты ғана емес, процеске қатысушыларды да құрметтемеуді көрсетеді. Сотты құрметтемеу жағдайларын болдырмау үшін азаматтар туындауы мүмкін жауапкершілікті білуі қажет.

Сондықтан сот отырысында тәртіптің сақталуы оны өткізудің алғы шарттарының бірі болып табылады.

Дата публикации
23 ноября 2021
Дата обновления
23 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы