Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Ата-аналар мен БАҚ-тың жасөспiрiмдердi вакцинациялау жөнiндегi сұрақтары

1. Нелiктен балаларды мектептерде вакцинацияламақшы? Онда қауiпсiздiк жағдайлары қаншалықты қамтамасыз етiлген? Суық тiзбекке қойылатын талаптар сақтала ма?

Жасөспiрiмдердi вакцинациялау бiлiм беру ұйымдарының егу пункттерiнде жүргiзiледi. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинацияны емханаларда жеке тәртiппен жүргiзуге жол берiледi.

Ұйымдарда вакцинациялаудың мынадай артықшылықтары бар:

- салауатты орта (КВИ-дi қоса алғанда, респираторлық инфекция симптомдары бар ықтимал науқастармен қарым-қатынасты болдырмау);

- оқушылардың медициналық араласу фактiсiн психоэмоционалдық қабылдауы олардың таныс ортада жеңiлдейдi;

- өз баласын емханада вакцинациялауға әкелу үшiн ата-аналарға жұмысқа бармаудың қажетi жоқ; бұл ретте қалауы бойынша ата-аналар жасөспiрiмдi мектепте вакцинациялау кезiнде қатыса алады;

- аш қарынға вакцинация жүргiзбеу үшiн жасөспiрiмдердi алдын ала тамақтандыру мүмкiндiгi;

- психологтың болуын және мектеп оқушылары үшiн таныс ортада онымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету мүмкiндiгi;

- оқу орындарының педагогтары мен медицина қызметкерлерi өз мектептерiнiң балаларын жақсы бiледi, олардың болуы жасөспiрiмдердiң психоэмоционалдық жағдайына жақсы әсер етедi.

2. Ата-ана баласын вакцинациялау кезiнде қатыса алады ма? Келiсiмнiң бар-жоғы қалай тексерiледi?

КВИ-ге қарсы егудi қоса алғанда, кез келген профилактикалық егу ата-аналардың вакцинацияға берген ақпараттандырылған келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.

Вакцинациялауға жататын жасөспiрiмдердiң тiзiмiн жоспарлау және жасау процесiнде ақпараттандырылған келiсiм алдын ала жиналады. Осыған байланысты, вакцинациялауға ата-анасы қол қойған келiсiмi бар балалар ғана алдын ала жасалған тiзiм бойынша шақырылады.

Емханада да, мектепте де ата-аналар қалауы бойынша балаларын вакцинациялау кезiнде қатыса алады.

3. Пфайзер вакцинасы қаншалықты қауiпсiз? Оның сертификаттары, жарияланымдары бар ма?

«Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттiк тiркелген.

Кепiлдiк берiлген сападағы препараттармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда 18 жасқа дейiнгi балалар үшiн өндiрiсi ДДҰ-ның бiлiктiлiгiн алған вакциналар сатып алынады, яғни елiмiзде осы ұйымның сапа мен тиiмдiлiкке қойылатын барлық қажеттi талаптарына жауап беретiн вакциналар пайдаланылады.

«Комирнати» вакцинасы төтенше жағдайларда қолдану үшiн ұсынылған ДДҰ-ның тiзiмiне енгiзiлген.

ДДҰ-ның аралық деректерiне сәйкес 12-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдердiң қатысуымен клиникалық зерттеулердiң үшiншi кезеңi осы жас тобы үшiн осы вакцинаның жоғары тиiмдiлiгiн және қауiпсiздiгiн көрсеттi, бұл алдыңғы жас көрсеткiштерiнiң 16 жастан бастап және одан үлкен, 12 жасқа дейiн және одан үлкен жасқа кеңеюiне алып келдi.

4. Балада қандай асқынулар болуы мүмкiн?

Өндiрушi ұсынған ақпаратқа сәйкес кейбiр егiлушiлерде «Комирнати» вакцинасы мынадай күтiлетiн реакцияларды тудыруы мүмкiн:

1) жиi (10%-ға дейiн): инъекция орнының ауыруы, iсiнуi, шаршағыштық, бастың және бұлшықеттiң ауыруы, буындардың ауыруы, қалтырау, диарея, қызба, инъекция орнының қызаруы, жүрек айну, құсу;

2) сирек (1%-ға дейiн): лимфа түйiндерiнiң ұлғаюы, дiмкәстiк, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнының қышуы;

3) сирек (0,1%-ға дейiн): бөртпе, есекжем сияқты аллергиялық реакциялар;

5. Вакцинациядан кейiн баланы қалай бақылайды?

КВИ-ге қарсы «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасын енгiзгеннен кейiн медициналық бақылау вакцинаны енгiзгеннен кейiн алғашқы 30 минутта жүргiзiледi. Бұл ретте медициналық бақылау жүргiзуге арналған үй-жайда физикалық қашықтықты сақтау ескерiлетiн болады.

Кейiннен медициналық бақылау келесi 3 күн бойы егiлген жасөспiрiмдердiң ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне қоңырау шалу арқылы жүргiзiледi. Бұл ретте медициналық бақылау мектепте де, тiркелген жерi бойынша медициналық ұйым тарапынан да жүргiзiледi.

6. Балаларға жасалған БЦЖ вакцинасы коронавирустан қорғайды ма? Мүмкiн осыған байланысты Пфайзердi (Файзердi) қабылдаудың қажетi жоқ шығар?

БЦЖ вакцинасы туберкулездiң арнайы профилактикасы үшiн қолданылады және бұл вакцина туберкулездiң ауыр түрлерiнен (милиарлы диссеминацияланған туберкулез, туберкулездi менингит) қорғайды.

Әлемдiк практикада вакцинацияның КВИ-ден қорғауға әсерiнiң болуы туралы ғылыми негiзделген дәлел жоқ.

Осыған байланысты, туберкулезге қарсы вакцинация коронавирустық инфекциядан қорғай алмайды. КВИ-ден қорғау мақсатында осы инфекцияға қарсы вакцинация ұсынылады.

Әлемдiк деңгейде жасөспiрiмдерге «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасы ұсынылады, сондықтан жасөспiрiмдерге бұл вакцина КВИ-ден спецификалық қорғау үшiн ұсынылады

7. Егер баланың иммунитетi жеткiлiктi болса, вакцинация жасау керек пе?

КВИ-ге қарсы вакцина егiлген адамға коронавирустық инфекциядан қорғайтын арнайы иммунитет бередi.

Өкiнiшке орай, табиғи арнайы емес иммунитет әрдайым инфекцияларға қарсы тұра алмайды, нәтижесiнде егiлмеген адамдар ауру жұқтырған кезде сырқаттанудың және асқынулардың пайда болу қаупi жоғары болады.

Инфекциядан кейiнгi және вакцинациядан кейiнгi асқынулардың жиiлiгi салыстыруға келмейдi.

Мәселен, коронавирустық инфекциямен ауырған кезде шамамен 15% жағдайда ауру оттегi терапиясын қолдану қажеттiлiгiмен өтедi, тағы 5%-ында пациенттердiң жағдайы критикалық болып табылады. Ықтималдығы жоғары аурудың ауыр түрлерi егде жастағы адамдарда және демiкпемен, диабетпен және жүрек ауруларымен ауыратын пациенттерде дамуы мүмкiн.

КВИ-ге қарсы иммундаудан кейiн ауыр қолайсыз көрiнiстердiң тiркелуi iс жүзiнде нөлдiк деңгейде. Басқа елдерде тiркелiп жатқан вакциналардың енгiзiлуiне күтiлетiн реакциялар ауыр реакцияларға жатпайды, жиiлiгi жол берiлетiн көрсеткiштер шектерiнде.

8. Вакциналар табиғи иммунитеттi төмендете ме?

Вакциналар табиғи иммунитеттi төмендетпейдi. Вакцинацияның туа бiткен иммунитетке әсерiн дәлелдейтiн бiрде-бiр зерттеу жоқ.

Егер «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасымен егу туа бiткен иммунитеттi әлсiрететiнi туралы нидерландтық зерттеуге қатысты айтатын болсақ, онда бұл шындыққа жатпайды. Бұл зерттеудiң қорытындысы дұрыс түсiндiрiлмеген. Осыған байланысты, зерттеу жүргiзген ғалымдарға «кейбiр адамдар бұл жұмыстың нәтижелерiн мүлдем басқа бағытта түсiндiредi» деп айтылды. Зерттеудiң мәнi иммундық жүйенiң молекулалық деңгейде қаншалықты жақсы жұмыс iстейтiнiн және туа бiткен иммунитеттi «жаттықтыруға» болатындығын көрсету.

9. Вакцина иммундық жүйенi ауырлатпайды ма?

Адамның иммундық жүйесi күн сайын көптеген антигендермен кездеседi және олармен күреседi және қорғауды қамтамасыз етедi. Вакцина дозасындағы антигендер организмдi ешқандай жолмен ауырлата алмайды және КВИ-ге қарсы арнайы иммундық қорғанышты өндiруге бағытталған.

10. Вакцинаны инъекция арқылы емес, ауыз арқылы алуға бола ма?

Жоқ. Өндiрушiнiң нұсқаулығына сәйкес «Комирнати» вакцинасы («Пфайзер» компаниясы) бұлшықет iшiне енгiзiледi.

11. Баланың өзiне вакцина салынған аурумен ауырып қалуы мүмкiн екендiгi рас па?

Бiздiң елде пайдаланылатын КВИ-ге қарсы вакцинаның құрамында бүтiн тiрi вирус жоқ, сондықтан енгiзiлген вакцина КВИ-мен сырқаттануды тудыруы мүмкiн емес. Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бiр ғана бөлiгi бар. Кейiннен инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкiл табиғи вирусты танып, оны жояды.

Осыған байланысты КВИ-ге қарсы вакцинацияланған адам вакцинадан инфекция жұқтыруы мүмкiн емес және КВИ-ге қарсы вакцина алғандықтан айналасындағыларға жұқпалы болуы мүмкiн емес.

12. 12. Пфайзер вакцинасы қатерлi iсiкке немесе диабетке әкелуi мүмкiн бе? Вакцина аутизмдi тудырады ма?

«Комирнати» вакцинасы («Пфайзер» компаниясы) қатерлi iсiкке, диабетке және аутизмге әкелмейдi.

Сонымен қатар вакцинация жоғарыда көрсетiлгендердi қоса, созылмалы аурулары бар адамдар үшiн қажет. Бұл ретте, вакцинация аурудың өршуiнен тыс кезеңде жүргiзiледi.

Кейбiр егiлетiн адамдарда вакцина тек мынадай күтiлетiн реакцияларды тудыруы мүмкiн: инъекция орнының ауыруы, iсiнуi, шаршағыштық, бастың ауыруы, бұлшықеттiң ауыруы, буынның ауыруы, қалтырау, диарея, қызба; инъекция орнының қызаруы, жүрек айнуы, құсу және т. б.

13. 13. Вакциналарда қоспалар бар ма? Оларда консерванттар бар ма?

«Комирнати» вакцинасына («Пфайзер» компаниясы) арналған нұсқаулыққа сәйкес 1 дозада (0,3 мл) мРНҚ негiзiндегi (липидтi нанобөлшектерге инкапсуланған) COVID-19-ға қарсы 30 мкг бар.

Сонымен қатар қосымша заттар (кремдерде, сусабындарда кездесетiн полиэтиленгликоль, бiрақ едәуiр үлкен көлемде, сондай-ақ сахароза, натрий хлоридi, калий хлоридi және басқалары) бар. Вакцинаның құрамында бiр дозаға кемiнде 1 ммоль калий (39 мг) және натрий (23 мг) бар, яғни олардың құрамы шамалы ғана.

Вакциналарда организмде бедеулiк немесе мутациялық процестер сияқты ұзақ мерзiмдi жағымсыз салдарларға әкелетiн компоненттер жоқ.

Вакциналардағы кез келген заттар халықаралық нормативтерге сәйкес организм үшiн қауiпсiз концентрацияларда болады.

14. Мен балаға Пфайзер емес, басқа вакцинаны салдыра аламын ба?

Бүгiнгi таңда бiздiң елiмiзде 12-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдердi вакцинациялау ДДҰ мақұлдаған және 12 жастан асқан жасөспiрiмдер мен жүктi әйелдердi вакцинациялауға ұсынылған жалғыз вакцина болып табылатын «Комирнати» вакцинасымен («Пфайзер» компаниясы) жүзеге асырылады.

Республикада көрсетiлген контингенттерге вакцинация жүргiзу 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау ұсынылған басқа елдердiң (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Израиль және Бельгия, Үндiстан, БАӘ) тәжiрибесiне негiзделген.

15. Шағыммен қайда жүгiнуге болады?

КВИ-ге қарсы вакцинация жүргiзу мәселелерiне қатысты шағыммен вакцинация жүргiзген медициналық ұйымға немесе тиiстi аумақтың денсаулық сақтау басқармасына жүгiнуге болады.

Бұдан басқа кез келген вакцинаның нұсқаулығында тұтынушылардан дәрiлiк заттардың сапасы жөнiндегi және дәрiлiк заттардың тiркеуден кейiнгi қауiпсiздiгiн қадағалауға жауапты ұйымдардың мекенжайы көрсетiлген, оларға қолайсыз реакциялар туралы хабарлауға болады.

16. 16. Бiрқатар елдер балаларды вакцинациялаудан бас тартты. Неге бiз оны жасаймыз?

ДДҰ 12-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдердi «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасымен вакцинациялауды ұсынады.

Бүгiнгi таңда Израиль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина және т. б. сияқты көптеген дамыған елдердiң билiгi осы вакцинамен балаларды КВИ-ге қарсы вакцинациялау науқанын бастады.

17. 17. Баланы вакцинациялаудан қалай бас тарта аламын? Қанша ата-ана балаларын вакцинациялаудан бас тартты?

Профилактикалық егудi жүргiзу алдында жалпы практика дәрiгерi немесе педиатр, дәрiгер болмаған кезде фельдшер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың заңды өкiлдерiне егу жүргiзуге ақпараттандырылған келiсiм нысанын ұсынады.

Профилактикалық егулердi жүргiзуге ерiктi түрде ақпараттандырылған келiсiм немесе бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi.

18. 18. Ата-аналардың баланы вакцинациялаудан бас тартуы неге әкеледi?

Баланы егуден бас тарта отырып, ата-ана өз баласын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында және «ҚР-дағы бала құқықтары туралы» заңда айқындалған, Қазақстан Республикасының Конституциясында (29-бап) кепiлдiк берiлген денсаулықты қорғау құқығынан айырады және оны вакцинамен басқарылатын инфекциялармен ауыру тәуекелiне ұшыратады, балаларда КВИ ауруының қаупiн және өткерген КВИ-ден кейiнгi асқынулардың (Кавасаки синдромы) даму қаупiн едәуiр арттырады.

19. Мектептерден басқа қай жерде вакцинациялауға болады? Емханалар тiзiмi

12 жастан асқан жасөспiрiмдердi КВИ-ге қарсы вакцинациялау бiлiм беру ұйымдарының егу пункттерiнде жүргiзiледi, сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша емханада вакцинациялауды жеке тәртiппен жүргiзуге жол берiледi.

20. Жолдама алу керек пе?

Жолдама алу мiндеттi емес. Вакцинацияға «Egov» порталы арқылы немесе тұрғылықты жерi бойынша медициналық ұйымның телефоны арқылы жазылуға болады.

Алайда, жасөспiрiмдердi вакцинациялау медқызметкер ақпараттандырылған келiсiмнiң қол қойылған нысанын алғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.

21. Балалардың вакцинация паспортын қайдан жүктеп алуға болады? Қағаз нұсқасын қалай алуға болады?

Вакцинациядан кейiн жасөспiрiмдерде де вакцинация паспорты жасалады.

Электрондық вакцинация паспортын «eGov mobile» мобильдiк қосымшасынан жүктеуге болады. QR-коды бар қағаз тасығыштағы КВИ-ге қарсы вакцинация туралы анықтаманы тұрғылықты жерiңiз бойынша медициналық ұйымнан ала аласыз.

22. Вакцинация алдында балаларды медициналық қарап тексеру бар ма?

Профилактикалық егудi жүргiзу алдында жалпы практика дәрiгерi немесе педиатр, дәрiгер болмаған кезде фельдшер егiлетiн адамды медициналық қарап тексерудi жүргiзедi, иммундауға қарсы көрсетiлiмдер болмаған кезде егiлетiн адамның медициналық құжатында егу жүргiзуге рұқсатты ресiмдейдi, егiлетiн адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкiлiне профилактикалық егу, иммундаудан кейiнгi ықтимал реакциялар мен қолайсыз көрiнiстер, екпеден бас тарту салдарлары туралы толық және объективтi ақпарат бередi. Профилактикалық егулер жүргiзу алдында егiлетiн адамды медициналық тексерудi олар денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған және (немесе) аурулардың объективтi белгiлерi болған жағдайда жүргiзiледi. Егулер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне егулер жүргiзуге ақпараттандырылған келiсiм алынғаннан кейiн жүргiзiледi. Профилактикалық егулердi жүргiзуге ерiктi түрде ақпараттандырылған келiсiм немесе бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi.

23. Оқу кезеңiнде вакцинация?

КВИ-ге қарсы вакцинация осы айда вакцинаның өңiрге түсуiне байланысты басталады. Жасөспiрiмдердi вакцинациялау бiлiм беру ұйымдарының егу пункттерiнде жүргiзiледi, сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша тiркелген жерi бойынша емханада жүргiзiлуi мүмкiн. Мектептерде вакцинация жүргiзу кезiнде екпе алған жасөспiрiмдер вакцинациядан кейiн 30 минут бойы медициналық бақылауда болады. Осыдан кейiн егiлгендер керi сабаққа орала алады, қажет болған жағдайда (әлсiздiк, температураның жоғарылауы және т. б.) сабақтан босатылып, ата-аналары алдын-ала хабарландырылып, үйге жiберiлуi мүмкiн.

24. Жас санаты бойынша ұйымдастыру және тәртiп, алдымен 12-13 жас, содан кейiн 14-15 жас немесе қалай?

Жасөспiрiмдердi вакцинациялау жасөспiрiмдердiң үлкен жас санатынан, яғни 16-17 жастағы жасөспiрiмдерден басталады. Кейiннен басқа жас тобындағы, яғни 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспiрiмдер тартылатын болады.

25. 17-18 жас арасындағы жасөспiрiмдерге қалай жүргiзiледi?

Комирнати вакцинасын («Пфайзер» компаниясы) пайдалана отырып КВИ-ге қарсы вакцинациялау 12-ден 17 жасқа дейiнгi (қоса алғанда) жасөспiрiмдерге жүргiзiлетiн болады. Бұл ретте егер вакцинация алған кезде жасөспiрiмнiң жасы 18 жасқа толмаған болса, онда жасөспiрiм Пфайзер вакцинасымен егiледi және 21-28 күн аралығымен вакцинация курсы 18 жасқа толғаннан кейiн аяқталуы мүмкiн.

18 жасқа толған адамдарға вакцинация ерiктi негiзде басқа қолда бар вакциналармен жүргiзiлетiн болады.

26. Егер бала қандай да бiр медициналық есепте тұрса, ол вакцинациялауға жатады ма?

Диспансерлiк есепте тұрған жасөспiрiмдер емдеушi дәрiгерден консультация және рұқсат алғаннан кейiн КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жiберiледi. Жасөспiрiмде созылмалы аурулар болған кезде, ремиссия кезеңiнде вакцинация жүргiзiледi.

27. Баланы вакцинациялау алдында ата-аналары не iстеуi керек (ЖҚТ, қысым, сатурация талдауларын тапсыру)?

Вакцинация жүргiзу алдында медицина қызметкерi артериялық қысымды, сатурацияны, температураны өлшей отырып, жасөспiрiмге медициналық қарап тексеру жүргiзедi, терi жабындары мен көрiнетiн сiлемейлi қабықтарды қарап тексередi және жалпы жай-күйiн бағалайды.

Шағымдар мен клиникалық көрсетiлiмдер анықталған кезде жасөспiрiм қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерге жiберiледi. Көрсетiлiмдер бойынша салалық мамандардың консультациясына жiберiлуi мүмкiн.

Дата публикации
12 ноября 2021
Дата обновления
12 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы