Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшылары бір жыл ішінде 1 триллион теңгеден астам табыс алды

БЖЗҚ салымшылары бір жыл ішінде 1 триллион теңгеден астам табыс алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңгеден асты. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

Зейнетақы жинақтарының едәуір өсуі 2021 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін 1 триллион теңгеден асқан таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері  8,89%, ал инфляция 6,2% болды. Бұл ретте соңғы 12 айда инфляция 8,9% болса, кірістілік 10,08%  көрсетті.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.

Жалпы барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап, Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 5,8 трлн теңгеден асты. Бұл ретте инвестициялық табыстылық жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2021 жылдың 1 қазанындағы өсу қорытындысымен 665,38% , инфляция 533,64%  болды. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген кезден 2021 жылдың 1 қазанына дейін  зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 131,74% көрсетті.

          Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған орынды. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш болып табылмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.

          Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.

          БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін Ұлттық банктен басқа инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алады. Қазіргі уақытта БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырды. Сіз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен көре аласыз.

           БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін басқаруға алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

           Айта кетейік, «Jýsan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері қызметі басталғаннан бері (2021 жылғы 15 наурыз) 2021 жылдың 1 қазанына  дейін 4,1% деңгейінде табыстылық көрсетті. «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің осы кезеңдегі табыстылығы – 4,9%; «BCC Invest» АҚ – 4,5%. Ал «Сентрас Секьюритиз» АҚ зейнетақы активтерін 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап басқарады, осы уақыт ішіндегі инвестициялық табыстылық 6,6% болды.

            Салымшы зейнет жасына толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.

Дата публикации
02 ноября 2021
Дата обновления
02 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы