Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Pfizer-ді балаларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі ұсынып отыр – Манар Смағұл

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл жасөспірімдер мен дүкті әйелдерді COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дамыған елдердің бәрі жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге осы вакцинаны салып жатыр. АҚШ пен Ұлыбританияда аталған топтарды вакциналау тәжірибесі бар. Яғни, Pfizer вакцинасының тиімділігін біз іс жүзінде көріп отырмыз. Біріншіден, өлім-жітім жағдайлары азайған. Жалпы сырқаттану көрсеткіші де кеміген. Бұл вакцина 12 жастан асқан балалардың да, жүкті әйелдердің денсаулығына қауіп төндірмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзі ұсынып отыр», - деген маман қазақстанда ересек адамдарға бүгінге дейін салынған вакциналардың тиімді болғанына тоқталды.

«Ресейлік, қазақстандық, қытайлық вакциналардың балалар мен жүкті әйелдер үшін қаншалықты тиімді екені белгісіз болғанымен, қазір қолдану мақсатына сәйкестігін көрсетіп отыр. Бұл жерде мынаны түсіну керек. Бізде бұған дейін ересектерге салынған вакциналарды балалар мен жасөспірімдерге салуға мүлдем тыйым салынған деуге болмайды. Өйткені олар аталмыш екі топқа сынақ ретінде егілген жоқ. «Спутник V» қазір осы мәселе бойынша сынақтан өтіп жатыр. QazVac-та бұл сатыдан өтеді. Нақты жасөспірімдер мен жүкті әйелдердің арасында сынақтан өткеннен кейін рұқсат мәселесі шешіледі. Менің ойымша оған сәл уақыт керек. Тиісті зерттеулер жақсы нәтиже берсе, оларды да аталмыш екі топқа қолдануымыз мүмкін. Ал әзірге Pfizer вакцинасы ғана осы екі топқа ұсынылған. Бұған қарап біздегі басқа вакиналар COVID-19 індетіне Pfizer вакцинасындай тиімді емес деген ой туындамауы керек. Біз қолданып жүрген вакциналардың бәрі вирусқа тиімді екенін уақыт көрсетті», - деді Манар Смағұл.

https://lenta.inform.kz/kz/pfizer-di-balalarga-duniezhuzilik-densaulyk-saktau-uyymynyn-ozi-usynyp-otyr-manar-smagul_a3847501

 

Дата публикации
12 октября 2021
Дата обновления
12 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы