Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Вячеслав Локшин: Балаларды ерікті вакциналау – қажет шара

Вячеслав Локшин: Балаларды ерікті вакциналау – қажет шара

Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин балаларды ерікті вакциналаудың қажет шара екенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19 індеті әуелде әсіресе егде жастағы адамдарда ауыр өтсе, кейінгі кезде балалардың ағзасына да кері әсерін тигізуде. Балалар арасында COVID-19 індеті әрқалай өтіп жатыр. Ауыр жағдайлары да бар, «кавасаки синдромы» да кездесіп отыр, қантамырлардың қызметі бұзылуда. Сондықтан, өте тез бейімделгіш індеттің алдын алатын жалғыз жол вакцинация болып тұр. Бұдан әлемді вакцина ғана құтқара алады», - деген маман бүгінде көптеген елде балалар мен 15-тен асқан жасөспірімдерді вакциналай бастағанын еске салды.

«Қытайда тіпті 3-тен асқан балалардың бәрін вакциналап жатыр. АҚШ пен Израиль 12 жастан бастап вакциналауға көшті. Бұл тұрғыда ешқандай бір ерекше тәуекел жоқ екенін айту керек. Өйткені қолданылып жатқан вакцина адам ағзасында сынақтан өткен. Оның ішінде жүкті әйелдерге де салынды. Жер шарында ондаған мың бала вакцина қабылдап үлгерді. Кейбір елдерде осы жастағы балалардың жартысы екпе алды. Әрине, вакцинация ата-аналардың рұқсатымен жүргізілуі керек. Вакцина ауруға шалдықпаудың немесе ауруды оңай өткерудің жалғыз жолы екенін түсіну керек. Сондықтан балалар мен жасөспірімдерді ерікті вакцинациялау өте қажет», - деді Вячеслав Локшин.

https://lenta.inform.kz/kz/vyacheslav-lokshin-balalardy-erikti-vakcinalau-kazhet-shara_a3847486

 

Дата публикации
12 октября 2021
Дата обновления
12 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы