
Есіл аудандық соты дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу бойынша істер қарады
Медиация сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.
Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.
Мысалы, 2021 жылдың 9 айында Есіл аудандық соты 266 азаматтық іс қарады, оның ішінде 11 іс медиация тәртібімен, ал 9 іс татуласу рәсімі арқылы қаралды.
Сонымен қатар, 34 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 1 іс татуласу арқылы аяқталды.
304 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде 42 іс медиация тәртібінде аяқталды.