
Ақмола облысы Есіл аудандық сотында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сот процесстері өткізілуде
Ақмола облысы Есіл аудандық сотында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы 873 іс қаралды.
Оның ішінде мекемелермен видео конференция байланысы арқылы 6 іс, мобильді байланыс арқылы 867 іс қаралды.
Сот істерін интернет байланыс арқылы қашықтықтан қарау іске қатысушы тұлғалардың уақытын және материалдық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. Тараптардың тікелей сот отырысына қатысуын қамтамасыз етуде қиындық туғызуына және сол себепті мерзімінің ұзартылуына байланысты істерді қашықтықтан қарау сот төрелігінің тиімділігін арттыруға және қарау мерзімін қысқартуға септігін тигізеді.