Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «QAZVAC» ВАКЦИНАСЫ «ДЕЛЬТА» ШТАММЫНАН ТИІМДІ ҚОРҒАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «QAZVAC» ВАКЦИНАСЫ «ДЕЛЬТА» ШТАММЫНАН ТИІМДІ ҚОРҒАЙДЫ

Қазақстандық «QazVac» вакцинасы «дельта» штаммынан тиімді қорғайды. Мұндай нәтижелерді ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсетті. Ғалымдар бейтараптандыру реакциясына тест өткізді, нәтижесінде отандық «QazVac» вакцинасымен егілгендер антиденелердің жоғары деңгейін көрсетті. Вирусты бейтараптандыратын антиденелер клиникалық зерттеулерге қатысқан еріктілердің 90%-нан астамында анықталды.

Сондай-ақ зертханалық жануарларға тәжірибелер жүргізілді. QazVac вакцинациясынан кейін хомяктарда пайда болған антиденелер коронавирустың «үнді штаммын» бейтараптандыруға қабілетті екендігі анықталды.

«Біз QazVac  вакцинасы құрған антиденелердің «ухань», «британдық альфа», «үнділік дельта» сияқты коронавирустың жаңа штамдарын бейтараптандыру қабілетін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздік. Нәтижелер вакцинациядан кейінгі антиденелердің иммунитетті қалыптастыратынын және вирустың үш түрін де бейтараптандыруға қабілетті екенін көрсетті. Сондай-ақ біз зертханалық жануарларға тәжірибелер жүргіздік: «QazVac» вакцинасын алған және вакцинацияланбаған зертханалық хомяктарды алдық. Біраз уақыттан кейін оларға дельта штаммын жұқтырдық. Нәтижесінде вакцинацияланбаған хомяктар коронавирустың дельта штаммын жұқтырды. Ал «QazVac» вакцинасымен егілген жануарлар ауырмай, «дельта» вирусының штаммынан қорғалған болып шықты», – деп атап өтті ҚР БҒМ ҒК биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья.

Алынған мәліметтер «QazVac»-тың коронавирустың бар штамдарына қарсы тиімділігін, оның ішінде отандық вакцинаның дельта штаммынан қорғау қабілетін растады.

Айта кетейік, коронавирусына қарсы «QazVac» вакцинасын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген. 60 жылдан астам тарихы бар БҚПҒЗИ-да биологиялық қауіпсіздік, вирусология, микробиология, иммунология саласында жұмыс тәжірибесі мол. Институт ғалымдары препараттардың 60-тан астам түрін, соның ішінде 30 вакцинаны, 16 тест-жүйені және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеп, енгізді. Соңғы 10 жылда институт құс және шошқа тұмауына қарсы отандық вакциналарды дайындау технологиясын жасады.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Дата публикации
24 сентября 2021
Дата обновления
24 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы