Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексін қабылдауға байланысты талап қою арыздарының төрт түрі енгізілді: дау айту туралы талап, мәжбүрлеу туралы талап, тану туралы талап, әрекет (әрекетсіздік) жасау туралы талап.

Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексін қабылдауға байланысты талап қою арыздарының төрт түрі енгізілді: дау айту туралы талап, мәжбүрлеу туралы талап, тану туралы талап, әрекет (әрекетсіздік) жасау туралы талап.
           Егер талап сотқа келіп түссе, бірақ бұрын жасалған татуласу туралы келісім не сот бекіткен дауды медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім болса, онда сот талап қоюды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің 138-бабы 2-бөлігінің 9-тармақшасына сәйкес қайтарады.

"Медиация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бөлімінің 1-бабына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.
           Осыған байланысты, егер соттың бітімгершілік келісімді, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген ұйғарымы болса, сот талап қоюды қабылдаудан бас тартады деп көзделген.

 

Дата публикации
23 сентября 2021
Дата обновления
23 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы