
Бүгін Есіл аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 1-бөлігі бойынша К.азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды. Істі соттың қарауына дайындау іс-әрекеттерін жүргізу барысында тараптарға олардың татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, дауды реттеуге құқықтары түсіндірілді. Татуласу рәсімін өткізу үшін Есіл ауданы билер кеңесінің мүшесі Әбдуахитова қымбат Төкешқызы тартылды. Жүргізілген әңгімелесу нәтижесінде тараптар (ерлі-зайыптылар) дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты және оны бекітуге ниет білдірді. Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті және әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.