
Есіл аудандық сотында әкімшілік істер бойынша 20 жекеше қаулы шығарылды
Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар белгіленген кезде сот тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы жекеше қаулы шығарады.
Есіл аудандық сотында жыл басынан қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 20 жекеше қаулы шығарылған, оның ішінде 6 жекеше қаулы Ақмола облысының полиция департаментінің, 6 жекеше қаулы Есіл ауданының полиция бөлімінің және 8 Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі басшысының атына шығарылып жолданған.
Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулыны алған күнінен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған сотқа хабарлауға міндетті.