
QazVac қазақстандық вакцинасын әзірлеуші, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария: "Үкіметтің тапсырмасы бойынша дельта-штамммен жұмыс ең басында, бұл штамм Қазақстан аумағына кірген кезде басталды. Клиникаға дейінгі зерттеулер толығымен жануарларға жүргізілді және біздің вакцинадағы штамм құрамын ауыстыру жануарларға жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінгі таңда біз вакцинаның келесі партиясындағы штамм құрамын ауыстыру бойынша денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі бұл қиын жағдайды түсініп, бұрын – соңды болмаған қадамға барады-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен кеңеспей, тұмауға қарсы вакциналармен жұмыс жасау тәжірибесі бойынша, алдағы күндері бізге Дельта, Ухань штамдарын ауыстыруға ресми рұқсат береді.біз дельта штаммын ауыстырамыз, ол өте жақсы нәтиже көрсетті".