
Аталған кеңестің құрамына қоғам қайраткерлері, жергілікті актив өкілдері және құрметті ақсақалдар кірді. Тәжірибе көрсеткендей, олардың қызметі соттан тыс медиацияны дамыту және қоғамдағы жанжал деңгейін төмендету үшін уақтылы және қажетті институт болып табылады. Негізінен кеңес мүшелері көршілер, ерлі-зайыптылар мен туыстар арасындағы дауларды шешу функцияларын өз мойнына алды. Кеңес мүшелері дау тараптарымен профилактикалық әңгімелесудің теріс нәтижесі болған жағдайда да соттан тыс татуласу рәсімі бірқатар пилоттық жобаларды іске асыру үшін табысқа жету мүмкіндігін екі есе арттырады.
Осындай мысалдардың бірі ретінде Есіл аудандық сотымен азамат Г. - ға қатысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1 бабы 1-1 бөлігі бойынша қаралған әкімшілік істі келтіруге болады. Оның барысында Есіл ауданы билер кеңесінің мүшесі Константин Георгиевич Мистриди тарта отырып, татуласу рәсімі өткізілді. Жүргізілген әңгімелесу нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты. Сот келісімді бекітті, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.