Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Жалған вакцина паспортын жасауға қатысты 20 медқызметкер ұсталды

– ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жалған вакцинация паспорттары мен ПТР-анықтамаларды сату фактілері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ПТР-анықтамаларды қолдан жасағаны және жалған вакциналау жүргізгені үшін 28 адам әшкереленді, оның ішінде медицина қызметкерлері – 20, делдалдар – 8. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды сату туралы 70 хабарландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды», - деді Н. Ораз онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот тәжірибесі қалыптастырылды, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.

«Ал 43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істердің тергелуі бақылауда», - деді ресми өкіл.

Айта кетейік, жыл басынан бері вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын сатумен айналысқаны белгілі болды.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhalgan-vakcina-pasportyn-zhasauga-katysty-20-medkyzmetker-ustaldy_a3821713

 

Дата публикации
10 августа 2021
Дата обновления
10 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы