Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Туроператорлар жалған вакцинация төлқұжаттарын сатты

Туроператорлар жалған вакцинация төлқұжаттарын сатты

- ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге қатысты ведомствоаралық кездесудің нәтижелері туралы хабарлады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі.

"Өткен аптада ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті. Іс - шараға ҰҚК, Бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшылығы, сондай-ақ ҚР ІІМ жанындағы ведомствоаралық арнайы топтың мүшелері қатысты", - деді Нұрділдә Ораз ІІМ брифингінде.

Кеңес барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталғанын хабарлады.

"Кейбір туроператорлар жалған вакцинация төлқұжаттарын жасап, сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді", - деп атап өтті спикер.

"Ведомство басшысы Президенттің ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырғанын еске салды, ол жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін қолдан жасау және сату фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты үйлестіретін болады. Осыған байланысты, ақпаратты жинау және өңдеу, сондай - ақ анықталған фактілерге ден қою шаралары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі анықталды", - деп түйіндеді ІІМ өкілі.


Барлық құқықтар қорғалған. Белсенді сілтемені қолданыңыз inform.kz https://www.inform.kz/ru/turoperatory-prodavali-fiktivnye-pasporta-vakcinacii_a3821679

 

Дата публикации
10 августа 2021
Дата обновления
10 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы