Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ салымшылары 20 миллионнан астам қызмет алды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ салымшылары

20 миллионнан астам қызмет алды

 

            Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бері 01.01.2021-01.07.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 20,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,1%  көп.  

Электрондық форматта 15,1 миллионнан астам қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 74,4% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы екі есеге дерлік өсті. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар

Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 2,95 миллион қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 14,5%  тең.

Салымшылар шамамен 1,3 миллион қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде салымшыларға 1 284 489 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 556,4 мың қызметке (немесе 76,4% ) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының арқасында Қор салымшыларына 2021 жылдың 6 айында пошта операторының бөлімшелерінде 8 538 қызмет көрсетілді, ол өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге дерлік көп. «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда, Қордың мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 2021 жылдың 1 шілдесіне 38 232 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың 1 шілдесіне кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге артты. Ағымдағы жылы шамамен 927 мыңнан аса өтініш, ал өткен 2020 жылы барлығы 667 мың өтініш қаралды. Осылайша, өсім 39,1% болды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында  кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.

Дата публикации
27 июля 2021
Дата обновления
27 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы