Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметтегі маңызды рөлі

Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметтегі маңызды рөлі

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша 12 қадамды іске асыру аясында "100 нақты қадам" — Ұлт жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілді және қолданысқа енгізілді.
Әдеп кодексінің нормаларын іске асыру үшін қызметі Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені регламенттейтін Әдеп жөніндегі уәкіл тиімді көмек көрсетеді. Ережеге сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі мен қызметі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қамтамасыз етуге, олардың жауапкершілігін арттыруға, ұжымда және қоғамда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, этикалық сипаттағы жағдайларды шешу үшін мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар Әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады.
Осылайша, Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелерінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы азаматтарға кеңес беру, мемлекеттік орган қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.
Мінез-құлық стандарттары жаңа сапалы деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өту керек, мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілікті және мінез-құлықты өздігінен бақылауды талап етеді, бұл тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің имиджіне оң әсер етеді.

Дата публикации
26 июля 2021
Дата обновления
26 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы