Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау халықтың билікке деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді

Бұл туралы сайлау заңнамасы саласындағы сарапшы, заң ғылымдарының докторы, "Қазақстандық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры" ҚҚ директоры Қуат Рахымбердин айтты.
Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау мәселесін көптеген ғалымдар, мамандар мен саясаткерлер көтерген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ӨКК ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылғы 24 мамырда сайлау заңнамасына аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының 16 өңірінде аумақтық сайлау комиссиялары 2021 жылғы 25 шілдеге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің 77 әкімін сайлауды тағайындады.
Қуат Рахымбердиннің пікірінше, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдындағы есептілігін күшейтуге, ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына жедел ден қоюын арттыруға, "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://ustinka.kz/kazakhstan/politics/66998.html

 

Дата публикации
12 июля 2021
Дата обновления
12 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы