
Екі миллионға жуық қазақстандық COVID-19-ға қарсы егілді
24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 991 219 адам вакцинацияланды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Вакцинация бойынша алдыңғы орында бұрынғысынша Алматы қаласы тұр, онда коронавирустан 293 051 адам егілді. Тізімді Маңғыстау облысы аяқтайды, мұнда 37 315 адам вакцина алды. Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда-152 930 адам егілді.
Барлық құқықтар қорғалған. Белсенді сілтемені қолданыңыз inform.kz https://www.inform.kz/ru/pochti-dva-milliona-kazahstancev-vakcinirovalis-ot-covid-19_a3791553