Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

ҚР ДСМ: Вакцинаның екінші компонентін 21 күннен кейін салдыруға болады

ҚР ДСМ: Вакцинаның екінші компонентін 21 күннен кейін салдыруға болады


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарындағы дозалар арасындағы аралықты қысқартқысы келетіндердің өтінішінен бас тарту туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «Бас санитарлық дәрігердің Қаулысында азаматтардың өтініші бойынша 21-90 күн аралығында вакцина алуға болады деп көрсетілген. Екінші дозаны бірінші вакцинация жүргізілген жерден алу қажет екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны жасаушылардан, РҒА академигі, Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтен дозалар арасындағы аралықтың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтінін және кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне әкелетіні туралы ресми хат алғанын еске саламыз»,-делінген хабарламада. Осыған байланысты «Спутник V» екінші компонентімен вакциналау мерзімі ұзартылды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес екі дозаның арасындағы аралық 21-ден 45 күнге дейін ұлғайтылды, ал жалпы «Спутник V» екінші компонентімен 90 күн ішінде вакциналауға рұқсат. «Аралықты ұлғайту халықты иммундау ісін айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің барлық күштері вакцинаның бірінші компонентімен қамтуға бағытталған. Вакцинаның бірінші компонентін енгізу 12-14 күннен кейін антиденелер шығаруды қамтамасыз етуге және 3 аптадан кейін иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. Бұл ретте, қажет болған жағдайда, Қазақстан азаматтары вакцинаның бірінші компонентін алған жері бойынша өтініш бере алады және 21-ші күні екінші компонентті ала алады. Естеріңізге сала кетейік, КВИ-ға қарсы вакцинация екі кезеңде жүргізіледі: алдымен I компонентпен 0,5 мл дозада, содан кейін 45 күннен кейін вакцинация күнін есептемегенде - II компонентпен 0,5 мл дозада; бұл ретте жекелеген жағдайларда вакциналанушының өтініші негізінде II «Гам-КОВИД-Вак» компонентімен 21 күннен 90 күнге дейінгі кезеңде вакцинация жүргізуге болады. Қазіргі уақытта елдің медицина мекемелерінде КВИ-ға қарсы вакцина жеткілікті. Бүгінгі таңда «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті – шамамен 200 мың доза, екінші компонент – 220 мың дозадан астам. Бұдан басқа, халықты иммундау үшін БАӘ «Синофарм» компаниясымен бірлесіп шығарған 28 мыңнан астам доза отандық «QazVac» вакцинасы және 350 мыңға жуық доза «Hayat-Vax» вакцинасы бар. Осы аптада 400 мың дана көлемінде екінші компоненттің вакциналары келеді деп күтілуде. Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналары елге кестеге сәйкес және жеткілікті мөлшерде жеткізіліп жатыр.

Дата публикации
18 мая 2021
Дата обновления
18 мая 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы