Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Вакцинаның бірінші компоненті үш аптадан кейін иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді – А. Цой

Вакцинаның бірінші компоненті үш аптадан кейін иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді – А. Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына берген жауабында вакцина алғандардың неге екі топқа бөлінетінін айтып берді.

«Екі компонент вакцинацияны аяқталатын кезде денсаулық сақтау жүйесіндегі «алтын стандарт» болып табылады. Бірақ бірінші компонент үш аптадан кейін иммунитеттің дамуына әсер ететінін түсінуіміз керек. Бұл ретте індет белең алғанда, ең алдымен, оны тоқтауымыз керек. Індетпен күрес әдістері, соның ішінде КВИ-мен күрес КВИ жұқтырудың алдын алу және берілу жағдайларын азайтуға негізделеді. Сондықтан біз үшін бірінші және екінші компоненттің қарқынын бақылау өте маңызды. Қалай болғанда да, екінші компонент біріншісмен «бірдей» болатынын түсіну керек. Бірнеше күн өткен соң барлық пациенттер екінші дозаны салдырады», - деп сендірді бөлім басшысы.

Вакцинацияның қай кезеңінде екенімізді нақты түсіну үшін көрсеткіштер екі компонент бойынша жарияланады.

Министрдің айтуынша, екінші компонент вакциналарының мөлшері жеткілікті. Өңірлерге 547 мың доза жеткізілді. Қарағанды фармзауытының қоймаларында тағы 400 мың доза өндірілді. Алдағы уақытта кестеге сәйкес тағы жарты миллион доза жеткізіледі деп күтілуде.

«Тапшылық жоқ. Вакциналар қамтамасыз етілді. Вакцинация қарқыны жақын арада арта түседі деп ойлаймын. 2,3 миллион доза әкелінді. Екінші компонентті біріншісіз егу мүмкін емес екенін білесіздер. Сондықтан вакцинация процесін қолдау үшін бірінші және екінші компоненттерді аудандарға апару маңызды болды. Сол себепті бүгінде вакцинация арасында алшақтық жоқ. Азаматтар оны уақытылы алады», - деді А.Цой.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1620216560

 

Дата публикации
06 мая 2021
Дата обновления
06 мая 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы