Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Үкімет отырысы: Әкімдерге вакцинация бойынша жұмысты күшейту тапсырылды

Үкімет отырысы: Әкімдерге вакцинация бойынша жұмысты күшейту тапсырылды


Барлық әкімдер халықты жаппай вакциналау бағытындағы ақпаратық-түсіндіру жұмыстарын жеке бақылауға алуы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемиологиялық жағдай Үкіметтің күнделікті бақылауында. Бүгінде өңірлерге жеткілікті көлемде вакцина жеткізілді. Дегенмен, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін келесі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар қабылдануы қажет. Б іріншіден, барлық әкімдерден халықты жаппай вакциналау бағытындағы ақпаратық-түсіндіру жұмыстарын жеке бақылауға алуды сұраймыз. Ай соңына дейін халықтың вакциналауға жататын бөлігінің 20 пайызына жеткілікті вакцина көлемі қамтамасыз етілді. Әкімдіктер азаматтарды вакцинациямен қамту жұмысын күшейтуі қажет. Екіншіден, «Ashyq» жобасы оң нәтиже көрсетуде. Бағдарлама қоғамдық орындарға кірмек болған 809 ауру жұқтырған және 340 байланыста болған адамды анықтады», - деді ол. Вице-премьердің айтуынша, сондықтан әкімдер кәсіпкерлік субъектілеріне «Ashyq» жобасын енгізу бойынша жұмысты жеке қадағалауда ұстау керек. Шұғыл түрде осы жұмысты ұйымдастыруы қажет. «Үшіншіден, қабылданған шектеу іс-шараларының қатаң сақталуына бақылауды күшейту керек. Бүгінде Алматы, Шымкент қалаларында, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстарында бұл жұмыс нәтижелі жүргізілуде. Алайда Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында мониторингілік топтардың жұмысы әлі де бәсең. Бұл бағытта барлық өңірде белсенділік артуы тиіс», - деді Ералы Тоғжанов.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ukimet-otyrysy-akimderge-vakcinaciya-boyynsha-zhumysty-kusheytu-tapsyryldy_a3781333

Дата публикации
27 апреля 2021
Дата обновления
27 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы