Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді – Алексей Цой

Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді – Алексей Цой


Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің дерегінше, науқастану көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингтегі 221 елдің ішінде Қазақстан 108-орында, ал өлім-жітім бойынша 107-орында тұр. «Жоғары эпидемиологиялық тәуекел аумағында 10 өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр. Орташа эпидемиологиялық тәуекел аймаққа бүгінде Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстары кіреді. «Жасыл» аймақта - Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облыстары», - деді министр. Оның айтуынша, елімізде 27 сәуірге дейін COVID-19-дың оң нәтижесімен 311 400, ал теріс нәтижесімен 52 431 науқас тіркелген. «Науқастанудың күнделікті динамикасы наурыз айының соңындағы 46 пайыздық өсім қарқынының өткен апта ішінде 8 пайызға дейін төмендеуімен сипатталады. Соңғы аптада оның алдындағы аптамен салыстырғанда өлім-жітім өсімі 30-дан 8 пайызға дейін төмендеді. Ахуалдың айтарлықтай тұрақтануы байқалады. Өңірлер аймақтағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып шектеу іс-шараларын түзетуді және қабылдауды жалғастыруда», - деді Алексей Цой.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-koronavirustyn-taraluy-tomendep-keledi-aleksey-coy_a3781306

Дата публикации
27 апреля 2021
Дата обновления
27 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы