Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда әрбір 20-шы адам вакцина алды – Алексей Цой

Қазақстанда әрбір 20-шы адам вакцина алды – Алексей Цой


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина тапшылығы болмауы тиіс. Бұл туралы бүгін тікелей эфирде QazCOVID-in вакцинасын алған ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өздеріңізде білетіндей, вакцина қай уақытта жеткізілетіндігіне қатысты Қазақстанның әрбір өңірі бойынша нақты кесте бар. Күні кеше ғана Батыс Қазақстанға вакцина жеткізілді және күн сайын, екі күнде бір рет жаңа партиясы жеткізіліп отырады. Сондықтан айтарлықтай тапшылық орын ала қоймауы керек. Ең бастысы, азаматтарымыз вакцинаның қауіпсіз, тиімді екендігіне көз жеткізді. Ол антидене титрін көтеретіндігін көрді және туған-туыстарына өзін, жақындарын қорғау үшін вакцинациядан өтуге кеңес беруде», - деді Алексей Цой вакцинадан кейін «Хабар 24» телеарнасы тілшісіне берген сұхбатында. Оның дерегінше, бүгінде әрбір 20-шы қазақстандық вакцина алды. Яғни, вакцинация қарқыны жақсы өтіп жатыр. «Біздің міндетіміз – мүмкіндік беру. Ал одан кейін азаматтар вакцина алуды өздері таңдап, оқшауланудан шығудың жалғыз жолы сол екендігін түсініп отыр», - деді Денсаулық сақтау министрі. Еске салайық, бүгін, 26 сәуірде халықты коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасымен егу басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып отандық вакцинамен екпе алды.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-arbir-20-shy-adam-vakcina-aldy-aleksey-coy_a3780815

Дата публикации
26 апреля 2021
Дата обновления
26 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы