Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы және базалық зейнетақы төлемі бойынша топ 5 сұрақтар және жауаптар

Зейнетақы жасына жақындап келетін және  зейнеткерлік демалысқа шығуға дайындалып жүрген адамдарды, қызықтыратын сұрақтар. 

 

  1. Зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақының қандай түрлеріне құқығым бар?

Бірінші деңгей (базалық) – зейнетақы жүйесінің қатысу өтіліне байланысты, зейнетақы жасына жеткен барлық тұлғаларға  тағайындалатын, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі. 

Екінші деңгей (міндетті) төлемнің екі түрінен құралады:

1) 01.01.1998 жылға дейін 6 айдан кем емес еңбек өтілі болған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін, жасына байланысты зейнетақы;

2)     БЖЗҚ зейнетақы төлемдері.

Зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтіліне және зейнетақы алдындағы табысқа байланысты.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналарының 10%  қалыптасқан, зейнетақы жинақтары есебінен жүзеге асырылады.

Үшінші деңгей (ерікті) –ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер.

Қазақстан Республикасының әрекеттегі зейнетақы заңнамасына сәйкес, азаматтарға өз жинақтарын ерікті зейнетақы жарналары есебінен ұлғайтудың қосымша мүмкіндігі ұсынылады, ол болашақта өз кезегінде зейнеткерлердің қосымша табыс көзі бола алады.

  1. Еңбек кітапшамды толтыру кезінде кадрлар бөлімі менің тегімде қате жіберген. Зейнеткерлікке шыққанда қандай мәселелер болуы мүмкін?

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015ж 30 қарашадағы Нысанды бекіту туралы №929 Бұйрығы негізінде еңбек кітапшаны толтыру және сақтау Ережелері, тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болған жағдайда)  және туған жылын өзгерту  туралы жазбаларды жеке куәлік, неке туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктеріне сәйкес соңғы жұмыс орны өзгерте алады. Егер жұмыс орны жабылған болса, еңбек өтілін мұрағаттық анықтама арқылы растай алады.

  1. Зейнетақыны тағайындау үшін құжаттар тек ХҚКО тапсырыла ма?

 «Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызметін сонымен қатар Е-gov.kz порталындағы «Электрондық өтінімдер» бөлімінде ресімдеуге болады. Бұдан әрі қосымша бөлімде көрсетілген, қадамдық нұсқаулық бойынша өту қажет.  

 

 

  1. Зейнетақы тағайындау тәртібі туралы бар құжаттар бойынша кеңесті алдын ала алуға бола ма?

Зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша өтінімдер түскен кезде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мерзімін қысқарту  мақсатында «Азаматтарға арналған» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен зейнетақы төлемін алдын ала есептеу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру жүзеге асырылады.

Өтініш беруші кеңес алу және алдын ала есептеу үшін зейнетақы жасына жетуге дейінгі үш ай бұрын еңбек өтілін растайтын, құжаттармен бірге «Азаматтарға арналған» Мемлекеттік корпорациясы»  КЕАҚ филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жүгіне алады.

  1. Мемлекеттік кепілдік деген не?

Заңның 5 б. 1 т. сәйкес мемлекет  алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының зейнетақы жасына жету сәтіндегі инфляция деңгейін есепке ала отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының іс жүзіндегі мөлшерінің сақталуына кепілдік береді.  Зейнеткерлерге инфляция деңгейін есепке ала отырып, енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының іс жүзіндегі соммасы және зейнетақы жинақтары (мемлекеттік кепілдік) арасындағы төлем соммасының айырмасына өтініш беру қажет емес, себебі мемлекеттік қызмет проактивті қағида бойынша жүзеге асырылады.

Сонымен қатар әлеуетті зейнеткердің қате әлеуметтік жеке кодын  тексеруді жою  және егер қате ӘЖК міндетті зейнетақы жарналары болса, дұрыс ӘЖК одан әрі біріктіру үшін жүзеге асыру қажет. Аталмыш әрекет жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысу өтілі есепке алынатын, базалық зейнетақы төлемін дұрыс есептеу және инфляция деңгейін есепке ала отырып, енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының іс жүзіндегі соммасы және зейнетақы жинақтары (мемлекеттік кепілдік) арасындағы төлем соммасын дұрыс есептеу үшін қажет.

Дата публикации
23 апреля 2021
Дата обновления
23 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы