Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАР-ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТҮРІ РЕТІНДЕ

ҚР ҚК 43-бабы қоғамдық жұмыстарға тарту сияқты жаза түрін қолдануды көздейді. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар аумақтарды абаттандыру бойынша қандай да бір арнайы дайындықты талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды орындауға тартылуы мүмкін. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандардың еңбегін пайдалану өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуші адамдар жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтауға, еңбекке адал қарауға тиіс. жергілікті атқарушы органдар айқындаған жерлерде жазасын өтеу.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесімен бірге сот өкімі пробация қызметіне келіп түскен күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей орындауға алынады.

Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылауды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.

Сотталғанға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыс беру қоғамдық жұмыстардың орындалуын тоқтата тұрмайды.

Сотталған адам жазаны өтеу кезеңінде жүкті болған кезде Пробация қызметі сотқа жүктілігі және босануы бойынша демалыс берілген күннен бастап оның жазаны өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыныс енгізеді.

Сотталған адамды бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп таныған кезде Пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза мерзімі сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаған сағатпен есептеледі.

Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды орындау уақытында негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерінен босата отырып не оқудан бос уақытта күніне төрт сағаттан асырмай орындалады.

Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқу орындарында оқымайтын сотталғандарға қоғамдық жұмыстар күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан асырылмай орындалады.

Сотталған:

осы Кодексте белгіленген жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын сақтау;

жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын жұмыстарды орындау;

пробация қызметін тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабардар ету;

айына бір рет пробация қызметіне тіркелу және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келу.

Келмеудің дәлелді жағдайлары осы Кодекстің 53-бабының екінші бөлігінде көрсетілген.

Сотталған адамның қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін пробация қызметі оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауаптылық туралы жазбаша түрде ескертеді.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамға қатысты пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін қамаққа алумен, ал қылмыс үшін тағайындалған жазаның орындалмаған бөлігін – бас бостандығын шектеумен не бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жібереді.

Сотталған адам қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарған деп танылады:

қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны орындауға кірісуден бас тартқан не ауруы және қоғамдық жұмыстарды орындауға кедергі келтіретін басқа да себептер жататын, құжатпен расталған, дәлелді себептерсіз қоғамдық жұмыстарға бір ай ішінде екі реттен артық келмеген;

жазаны өтеу кезеңінде медициналық куәландырумен расталған алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде не мұндай мүмкіндік болмаған кезде пайда болған – Жұмыс берушінің комиссиялық актісімен екі рет;

жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен.

Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынушы деп танылады.

 

Пробация қызметі бөлімі

Есіл ауданы

Бойынша ҚАЖ департаментінің

Ақмола облысы

Дата публикации
23 апреля 2021
Дата обновления
23 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы