Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Оқушылар арасында коронавируспен ауырғандар көбейіп кетті

Оқушылар арасында коронавируспен ауырғандар көбейіп кетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Дәстүрлі оқу форматы енгізілген сәттен бастап оқушылар арасында коронавируспен аурудың өсімі байқалады. 4-тоқсан басталғаннан бері 3 706 оқушы, оның ішінде офлайнда білім алып жатқан 1 093, онлайн режимде оқитын 2 613 бала ауырды», - деді министр. Оның дерегінше, 4-тоқсанда дәстүрлі форматта білім алып жатқан Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облысы оқушылары арасында коронавирусқа шалдыққандар артқан. Ал онлайн режимде оқитындар арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы облысында коронавируспен ауырғандар көп. «Осыған орай әкімдіктер білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және коронавирустың алдын алудың негізгі іс-шараларын орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар таңертең фильтрлеу, қызметкерлердің маска режимін сақтауы, үй-жайларды заласыздандыру жүргізілуі тиіс. «Қызыл» аймақта тұрған өңірлерде оқуды офлайн режимде жүргізуге болмайды», - деді Алексей Цой.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/okushylar-arasynda-koronaviruspen-auyrgandar-kobeyip-ketti_a3778381

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы