Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Асқар Мамин: Халықты вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет

Елімізде пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазір біздің басты міндетіміз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялаумен қамтуды арттыру болып табылады», - деді ол. Үкімет басшысы пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда екенін баса айтты. «Дегенмен 8 өңір «қызыл аймақта». Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,06. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі – 41, реанимациялық бөлімдердегі орындар – 27 пайыз», - деді Асқар Мамин. Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар тапсырма берді. «Бірінші. Халықты, әсіресе қамтылуы төмен өңірлерде вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет. Сәуір айының соңына дейін және ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек. Екінші. Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер сапалы медициналық көмек көрсетілуін, медицина ұйымдарының қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін үнемі мониторингтеп тұрсын», - деді Үкімет басшысы. Үшіншіден Премьер-Министр әкімдіктер Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерімен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мобильді мониторингтеу топтарының белсенді қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз етуі керектігін баса айтты.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/askar-mamin-halykty-vakcinaciyalaumen-kamtudy-keneytu-kazhet_a3778402

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы