
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинация жоспары орындалған жағдайда сырқаттанушылық болжамымен бөлісті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі. "Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялаумен қамтуды ескере отырып, КВИ таралуының даму болжамын өзектендіруде. Оптимистік сценарий бойынша, кестеге сәйкес вакцинацияны жалғастыру кезінде сәуір айының соңында шыңымен тәулігіне 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі деп күтілуде", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Нақты сценариймен және кестеге сәйкес вакцинациямен қамту арқылы тіркеу мамыр айының ортасында шыңымен тәулігіне 4 мың жағдайға жетуі мүмкін. "Вакцинацияның бірінші кезеңдегі әсері иммунитетті дамытуға қажетті уақытпен шектеледі. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер ететін болады", - деп түйіндеді министр.
Барлық құқықтар қорғалған. Белсенді сілтемені қолданыңыз inform.kz https://www.inform.kz/ru/prognozami-po-piku-zabolevaemosti-koronavirusom-podelilis-v-minzdrave-rk_a3778400