Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің бағасы қалай реттеледі

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутатының дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгілеу механизмі туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мемлекет басшысының дәрілік заттарға бағаны төмендету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Денсаулық сақтау министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мақұлдауымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға қойылатын шекті бағалар мен үстеме бағаларды реттеу, қалыптастыру қағидаларын бекіткен. Сол қағидада карантин, төтенше жағдай режимі, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің төтенше жағдайлары кезінде шектеу шаралары қалай іске асатыны көрсетілген», - деп жазылған Ералы Тоғжановтың жауабында. Үкімет басшысының орынбасары ерекше тәртіпті қолдану кезінде шекті баға көтерме және бөлшек сауда үшін маркетингтік шығындарды есептемеу (30% мөлшерінде), сондай-ақ көтерме саудада (20-дан 10% - ға дейін) және бөлшек саудада (55-тен 27,5% - ға дейін) үстеме бағаларын екі есе төмендету жолымен қалыптасатынын айтады. «2020 жылғы 31 желтоқсанда ДСМ коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасына кіретін 370 препараттың шекті бағасын бекітті. Осылайша, коронавирусқа қарсы барлық препаратқа ерекше тәртіп қолданылып отыр. Соның нәтижесінде бағаның төмендеуі нарықтық бағалармен салыстырғанда 27%-ды құрады», - деді вице-премьер.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/koronaviruska-karsy-dari-darmektin-bagasy-kalay-retteledi_a3777996

 

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы