Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысында вакцина алғандардың саны өсуде

Бүгін облыс орталығының қалалық емханасының мобильді тобы облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлерін вакцинациялауды ұйымдастырды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, түрлі кәсіпорындар мен ведомстволардың қызметкерлері арасында вакцинация қарқыны артып келеді. Вакцинация басталғаннан бері аймақ бойынша бірінші компонентпен 19 мыңға жуық адам егілді, екінші компонентті 5 мыңнан астам адам алды.

Қалалық емхананың бас дәрігері Ғалия Сабатаева мемлекеттік қызметшілер - халықпен барынша байланыста болатын азаматтар санаты екенін атап өтті.

"Біз қаламыздың тұрғындарын барынша көп қамту үшін, сондай - ақ медициналық ұйымдардың өзінде бұрмалаушылық пен кезектілік туғызбау үшін ірі ұйымдар мен кәсіпорындарға барамыз", - деп атап өтті спикер.

Иммундаудан өткендердің арасында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребин де бар.

"Бірінші кезекте екпе алған кезде жақындарымды қорғаймын. Вакцинаның пандемиямен күрестегі басты құрал екенін өзімнің мысалыммен көрсеткім келеді", - деп бөлісті мемлекеттік қызметші.

Қалалық емхананың эндокринолог дәрігері Айнұр Бекімованың айтуынша, мобильді бригаданың негізгі міндеті-азаматтарға қолайлы жағдай жасау.

"Біздің қызметкерлер толық жабдықталып, қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып келді. Біз ресейлік "Спутник – V"вакцинасымен вакцинациялаймыз. Оқиға орнында тексеру жүргіземіз, екпе алғаннан кейін жағдайды қадағалаймыз. Біз барлығын вакцинацияға шақырамыз", - дейді дәрігер.

Медицина қызметкерлерінің бағалауы бойынша вакцинация жоспарлы, қалыпты режимде жүргізіледі және барлық кезеңде жанама әсерлер анықталған жоқ.

Мобильді егу бригадалары "Ақсай Нан" ЖШС, "Алтынтау Көкшетау" АҚ, "Тыныс" АҚ, "Халық банк" АҚ, "Home bank" АҚ, ҚМУ сияқты ірі кәсіпорындарда болды. Көкшетау техникалық институтында, мектептерде және құқық қорғау органдары өкілдерінің ұжымдарында. Тұрақты негізде 26 егу пункті жұмыс істейді. "РИО" СОО мен Орталық мешітте вакцинация пункттері ашылды.

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы