Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысында бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Ақмола облысында бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның «Облыс аумағындағы карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» қолданыстағы қаулыға өзгерістер енгізген №16 жаңа қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулы арқылы «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларының бірқатар нысандарының жұмысына рұқсат етіледі. Осылайша, құжатта «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандарды қоспағанда, компьютерлік клубтардың, боулинг-клубтардың, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының қызметін тоқтата тұру көзделген. Бильярд залдарының қызметі де тоқтатылады. Бірақ 2021 жылдың 21 сәуірінен бастап, Көкшетау және Степногорск қалаларында орналасқан және «Ashyq» жобасына қатысатын бильярд қызметіне рұқсат етілген. Облыс өңірлерінде караоке қызметі де тоқтатылады. 2021 жылғы 5 мамырдан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларында орналасқан караоке қызметіне рұқсат етіледі. 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларын қоспағанда, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың қозғалысы да тоқтатылды. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/akmola-oblysynda-bas-sanitarlyk-darigerdin-zhana-kaulysy-shykty_a3777601

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы