Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Өзбекстан сәуірдің соңына дейін ресейлік «Спутник V» вацинасының 300 мың дозасын алады

Өзбекстан сәуірдің соңына дейін ресейлік «Спутник V» вацинасының 300 мың дозасын алады


ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ресейлік «Спутник V» вацинасының алғашқы 300 мың дозасы Өзбекстанға сәуір айының соңына дейін жеткізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін өткен Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық комиссияның кеңейтілген отырысында Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдолла Әріпов мәлімдеді. «Осы айдың соңына дейін ресейлік «Спутник V» вацинасы вакциналауға қосылады. Елге жеткізілетін «Спутник V» вацинасының алғашқы көлемі 300 мың дозаны құрайды», - деді А.Әріпов. Үкімет басшысы Өзбекстан бастапқыда әртараптандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірнеше вакцина сатып алуды жоспарлағанын атап өтті. «Біздің стратегиямызға сәйкес біз бастапқыда үш вакцинаны жоспарладық. Айдың аяғында Қытай вакцинасының тағы 1 миллион дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Шарт жасалды, ақша төленді, барлық мәселелер, соның ішінде рейстер анықталды. Егер біреуі жеткізе алмаса, келесі бірі жеткізеді», - деп мәлімдеді Өзбекстан Премьер-министрі. Еске сала кетейік, Өзбекстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау 1 сәуірде басталды. Екі апта ішінде 300 мыңнан астам адамға екпе салынған. Халықты вакциналау сәуірде ірі қалаларда, мамырда аудан орталықтары мен шағын қалаларда, маусым айында ауылдық жерлерде жүреді. Вакцинация екі препаратпен, еуропалық AstraZeneca вакцинасымен және ZF-UZ-VAC2001 қытай-өзбек вацинасымен жүргізілуде.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ozbekstan-sauirdin-sonyna-deyin-reseylik-sputnik-v-vacinasynyn-300-myn-dozasyn-alady_a3777600

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы