Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Білім беру бөлімінің «Речное бастауыш мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есеп

Білім беру бөлімінің «Речное бастауыш мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есеп

  1. Жалпы жағдай

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 "Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983, "Речная бастауыш мектебі" КММ 2020 жылы 8 қызмет түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді "Речная бастауыш мектебі" КММ көрсетеді»

"Бір терезе" қағидаты бойынша Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді алу үшін өңірде "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша департаментінің Есіл аудандық бөлімі (бұдан әрі - "Мемлекеттік корпорация") жұмыс істейді. Қызметтерді алу процесін жеңілдету мақсатында Мемлекеттік корпорацияда "Connection Point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда әрбір клиент электрондық қызметті өз бетінше немесе Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көмегімен ала алады.

2020 жылы "Есіл ауданының білім беру бөлімі" ММ (соның ішінде ведомствоға қарасты ұйымдар) 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

33 (%) мемлекеттік қызмет тікелей мемлекеттік органдар арқылы көрсетілді, 0 (%) Мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы көрсетілді, "Электрондық үкімет" порталы арқылы  67(%) қызмет көрсетілді.

Бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес тегін негізде 6 қызмет түрі, ақылы негізде 0 Қызмет түрі көрсетіледі. Сондай - ақ көрсетілетін қызметтердің 8 түрі бойынша көрсетілетін қызметті алушылар ЭҮП арқылы қызметтің 0 түрі бойынша, Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтің 3 түрі бойынша, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей қызметтің 8 түрі бойынша жүгінуге мүмкіндігі бар.

  1. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс.

"Речное бастауыш мектебі" КММ Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері қызмет алушыларға қолжетімді жерде ақпараттық стендтерде орналасқан.

Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік органдар қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.

2020 жылдың қорытындысы бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассызы,  қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу,  қызметті көрсету  бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.  

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау. 

Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2020 жылы мемлекеттік органдармен, мемлекеттік корпорациясы арқылы және электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша  мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.

  1. Бұдан әрі тиімділікті және мемлекеттік қызмет көрсетусапасыменқызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары.

Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады. Мемлекеттік органдар мен қызмет алушылардың байланысын азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін баламалы негізде мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге көшіру, рұқсат беру үдерістерін автоматизациялау және «Е-лицензирование» ЕЛ ММБ АЖ енгізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Жалпы, 2021 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.

Скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы