Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Орловка орта мектебі» КММ қызметі туралы 2020 жылда мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша есеп

«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Орловка орта мектебі» КММ қызметі туралы 2020 жылда мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша есеп

  1. Жалпы ережелер

     Мектепте Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстағы басты қағида қызмет алушылар үшін ашық және тең қолжетімділік болып табылады.

       Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» №193 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер тізілімі негізінде, "Ақмола облысы Есіл ауданының  білім беру бөлімінің Орловка орта мектебі" КММ мемлекеттік қызметтің 22  түрін көрсетеді.

     2020 жылы "Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Орловка орта мектебі" КММ  14 мемлекеттік қызмет көрсетті. 13 (93%) мемлекеттік қызмет тікелей мемлекеттік органдар арқылы көрсетілді, 1 (7%) мемлекеттік қызмет ЭҮП арқылы көрсетілді.

Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес 22 ақысыз негізде, 0 қызмет түрі ақылы негізде  көрсетілді. Сондай-ақ ұсынатын 22 қызмет түрлері бойынша қызметалушылардың ЭҮП арқылы 11 қызмет түрінен, мемлекеттік корпорациясы арқылы 3  қызмет түрінен, қызметберушіге 8 қызмет түрінен өтініш беру мүмкіндігі бар.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

    Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері, стандарттар мен регламенттер қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде  ақпараттық стендте орналастырылған. Халыққа сапалы қызмет көрсету үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Орловка орта мектебі» КММ  қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.   Ақпараттық стендте e.gov.kz  порталы арқылы түрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндігі көрсетілген.

      Жұмыс қорытындысы бойынша 2020 жылы ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ. 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

             Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру, сондай-ақ стандарттар мен регламенттер туралы ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі жұмыс шеңберінде мектепте одан әрі жұмыс істеу жоспарлануда: мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімдерде қарау, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы мамандарының біліктілігін арттыру, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдау.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

             Үнемі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша  белгіленген мерзімде  бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша  мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.                              

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары

         Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталған жұмыс 2021 жылы жалғасатын болады. Орловка ауылының тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік корпорация және "электрондық үкімет" порталы арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу жоспарлануда.

Скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы