
«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Красивый орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету жайлы 2020 жылғы есебі
Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасы мен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
«Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіміне сәйкес 2020 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Красивый орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
2020 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Красивый орта мектебі» КММ 66 (100%) мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдар арқылы көрсетілді.
«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің Красивый орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мақсатында қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникаларымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.
Жұмыс қорытындысы бойынша 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассызы, қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу, қызметті көрсету бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.
Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2020 жылы мемлекеттік органдармен, мемлекеттік корпорациясы арқылы және электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.
Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады.
Жалпы, 2021 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушыларға көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасының қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.