
«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы Игілік негізгі мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есеп
Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қол жетімділік Елбасы мен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
«Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандықмаңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіміне сәйкес 2020 жылы«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы Игілік негізгі мектебі» КММ қызметтің 8 түрін көрсетті. Мемлекеттік қызметтерін көрсететін мекемелер: «Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің» Ы.Алтынсарин атындағы Игілік негізгі мектебі»КММ «Біртерезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет алу қолжетімділігі үшін аймақта«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Есіл аудандық бөлімі (Мемлекеттік корпорация)жұмысістейді. Мемлекеттік қызметті алу үдерісін жеңілдету үшін мемлекеттік корпорациясы«ConnectionPoint» өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, ол арқылы әр клиент электрондық қызметті өзіне мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің көмегімен ала алады. 2020 жылы атқарушы органдармен 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 30 (100%)мемлекеттік қызмет қағаз түрде мемлекеттік органдармен көрсетілген. Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ақысыз негізде 8, ақылы негізде – 0 қызмет түрі көрсетілді. Сонымен бірге, ұсынатын 8 қызмет түрлері бойынша қызмет алушылардың ЭҮП арқылы 4 қызмет түрінен, мемлекеттік корпорациясы арқылы 3 қызмет түрінен, қызмет берушіге 1 қызмет түрінен өтініш беру мүмкіндігі бар.
«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы Игілік негізгі мектеп» КММ мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік органдар қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген. БАҚта мемлекеттік органдарда, мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтерді көрсету жөнінде, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы материалдар ұдайы жарияланады.
2020 ж. Қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассызы, қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу, қызметті көрсету бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.
Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2020 жылы мемлекеттік органдармен, мемлекеттік корпорациясы арқылы және электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.
мемлекеттік қызмет көрсетусапасымен қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады.
Мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен қызмет алушылар арасындағы байланыстарды барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік корпорация мен ЭҮП арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызметтер көрсету процедурасын аудару бойынша жұмыс жалғасады.
Жалпы, 2021 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.